Тұлға • 10 Маусым, 2024

Денис Тенді жаттықтырған бапкер өмірден өтті

150 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әлемге танымал америкалық мәнерлеп сырғанаушы әрі тәлімгер Фрэнк Кэрролл 85 жасында қайтыс болды. Фрэнк Кэррол отандасымыз Денис Тенді жаттықтырған, деп хабарлайды Egemen.kz

Денис Тенді жаттықтырған бапкер өмірден өтті

Фото: Toyota Sports Center: UGC

 

Фрэнк Кэрролл Олимпиада және әлем чемпионы Эван Лисачек, бес дүркін әлем чемпионы Мишель Кван және екі дүркін әлем чемпионы Линда Фратианнаны жаттықтырған.

Дарынды шәкірттердің қатарында белгілі мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен де болған.

«Америка мәнерлеп сырғанау спорты аңызға айналған жаттықтырушы Фрэнк Кэрроллдың қайтыс болуына байланысты қайғы жамылды. Ол олимпиада және әлем чемпиондарын, Даңқ залының мүшелерін тәрбиелеп, тәжірибесін бөлісті», делінген АҚШ мәнерлеп сырғанау федерациясының мәлімдемесінде. 

Айта кетейік, Фрэнк Кэрролл өз өмірінің 60 жылға жуық уақытын жоғары санатты мәнерлеп сырғанаушыларды дайындауға арнаған.