Павел Дмитриевич Ресей патша үкіметінен саяси қуғын-сүргін көріп, 1884 жылы тамыз айында Семей қаласына жер аударылып келіп, жазасын өтейді. Алғашқыда Өскемен уезінде айдауда жүреді. Семейге келгеннен кейін саяси істі болғандармен танысып, Абай (Ибрагим) Құнанбайұлы туралы біледі. Айналасындағы туыс-жақындарының бейнесін қағазға түсіріп жүрген суретші ақынмен таныстықтан кейін оның портретін салуға кіріседі.
1887 жылы салынған портретте «Ибрагим Құнанбаев – Семей уезі, Шыңғыс болысының қазағы. Қазақ даласына ерекше белгілі Құнанбай Өскенбаевтың (ол 1886 жылы өлген) баласы. Өзі де жеткілікті мөлшерде әйгілі адам. Өз халқының әдет-ғұрпының білгірі. Қазақтар арасында үлкен ықпал иесі. Қырық бес жаста» деген жазу бедерленген.
«Семей уезіндегі адамдардың типтері» деп аталатын арнайы серия жеті суреттен тұрады. Осы серияға кіретін Абайдың қырық екі жасындағы бейнесі Абай музейінің асыл қорындағы елеулі экспонаттар тізімінде.
Абай облысы