Аңдатпа • 11 Маусым, 2024

Аңдатпа: Премьера!

58 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

14 маусым - І.Омаров атын­дағы Қостанай облыстық қазақ драма театрында У.Шекспирдің шығар­масына негізделген «Дуалы түнгі думан» му­зыкалық комедия­сының премьерасы өте­ді. Режиссері – В.Виттих.

Аңдатпа: Премьера!

14 маусым - Ертегілер елінде

Алматыдағы Қу­ыршақ театрында «Ақ­­байдың таңғажайып оқиғалары» қойы­лымы ұсы­нылады.

 

14 маусым - «Махаббат бар ма?»

Музыкалық жас көрермен театрының Шымкент қаласына гастрольдік сапары аясында Қ.Мұраттың «Махаббат бар ма?» лирикалық комедиясы ұсынылады. Режиссері – А.Ғұмаров.

 

15 маусым - «Баянсыз бақ»

Ғ.Мүсірепов атын­дағы қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында Вина Дельмардың «Баянсыз бақ» драмасы сахналанады. Режиссері – Фархад Молдағали.