Қоғам • 11 Маусым, 2024

Түлектер тартуы

19 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Түркістан өңірінде әр жылдары мектеп бітірген түлектердің білім ордаларындағы Соңғы қоңырау қарсаңында қайырымдылық жасап, мұқтаж жандарға көмектесуі, өз ауылының көркейіп-көріктенуіне үлес қосуы дәстүрге айналып келеді. Биыл да бірнеше ауданда игі іс жалғасын тапты.

Түлектер тартуы

Мысалы, түлкібастық тү­лек­­тер тағы да бір от­басын қуа­ныш­­қа бө­леді. Игі дәстүрді жал­ғаған Абай атындағы білім оша­ғы мен Б.Са­ды­қов және М.Ломо­носов мекте­бі­нің 20 жыл бұрын түлеп ұшқан түлектері бірігіп, мұқтаж отбасы­на аудан орталығынан 5 бөлмелі бас­пананы, қора-жайымен қоса сыйлады. Ортадан 10 млн теңге­ден астам қаражат жинап, соның 9 млн теңгесіне үй алған түлектер оны толық жөндеуден өткізіп, ішін қажетті жиһаз-техникалармен жаб­дықтап беріп отыр. Сауапты істі ұран қылған түлкібастықтар баспана кілтін сол үйдің ауласында құдайы ас беріп, Абдулаевтар отбасына табыс етті. Жас отбасы осы кезге дейін жалдамалы пәтерде тұрып келген. Шара соңында мұқтаж жанға көмек беру, қайырымдылық жасау – ата-бабамыздан бізге мұра болып қалған асыл қасиет деп санаған 2004 жылғы мектеп түлектері дәстүр бойынша эстафетаны 2005 жылғы түлектерге табыстады. Айта кетелік, осыдан 7 жыл бұрын Түлкібас ауданы Абай атындағы мектеп-лицейінің мектепті бітіргендеріне 20 жыл тол­ған түлектері тұрғын үйге қол жеткізе алмай жүрген көп­ба­ла­лы отбасына үй сыйлаған бо­ла­тын. Осылайша, көпшілікке үлгі болар­лық­тай игі істер өз жал­ғасын табу­да.

п

Созақ ауданы, Созақ ауы­лын­дағы Әлішер Науаи атындағы білім ордасынан 2004 жылы қанат қағып, үлкен өмірге қадам басқан түлектер де көпбалалы отбасына тұрғын үй сыйлады. Тағылымды шараға қатысқан аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков игі іске ұйытқы болған түлектерді алғыс хатпен марапаттады. Созақ ауылынан берілген жаңа баспана 5 бөлмелі. Ішкі бөлмелері қа­жет­ті тұрмыстық жабдықтармен қам­­­тылған. Су, жылу сынды ком­­муналдық қызметтері жүр­г­і­зіл­ген. Жер учаскесі – 15 сотық. Үйдің аумағына қосалқы шаруа­шы­лықты дамыту мен бау-бақша өсі­руге мүмкіндік бар. Ал Созақ ауы­лындағы Созақ мектеп-гимна­зиясын бітіргеніне 20 жыл бол­ған түлектер Созақ-Шолақ­қор­ған бағытындағы жол бойына ауыл­ға көрік берер әсем қақпа тұр­ғызды. Жаңа­дан тұрғызылған сәу­лет­ті қақ­па­ның биіктігі – 6,5, ені – 13 метр. Ауылдың аты жазылған жазу мен қақпа аумағына түнгі жарық­­шамдар орнатылған. Өткен жылы түлектер тұрғызған Рәміз­дер­ аллеясына қарама-қарсы са­лынған қақпаның сәні мен сәу­ле­­ті келісіп, ауылдың ажа­­рын аша түскен. Кентау қаласы­на қа­рас­­ты Хантағы аулындағы №6 А.С.Пуш­кин атындағы жалпы орта мек­те­бінің осыдан 20 жыл бұрынғы тү­лектері білім ордасына спорт алаң­ын тарту етті. Одан бөлек, мек­тептің ішіне рәміздер алаңын жасап берген. Ал Ордабасы ауданының орталығы Темірланда Ш.Уәлиханов, А.Иманов және Қ.Бек­таев мектептерінің 2004 жылғы түлектері мұқтаж отбасына баспана сыйлады. Баспанаға мұқтаждарды таңдау үшін «Игілік» қоғамдық қоры 8 отбасын ұсынған. Олардың әрқай­сысы – тағдырдың сынағына түс­­­кендер. Солардың арасынан ­көп­балалы Замира Тасболатова ­көп­­ші­лік дауыспен таңдалып алын­ған. Бұл отбасы осы уақытқа дейін тар бөлмені жалдап тұрып келген.

Айта кетелік, бұл шара «20 жыл­дық түлектерден 1 қоныс» жобасы ая­сын­да жүзеге асып отыр. Төрт жыл бұрын бастау алған жоба аясында ауданда төрт отбасына бас­пана тарту етілген.

 

Түркістан облысы