Фото: qurban2024.kz
«Мұсылман қауымының қасиетті айт мерекесіне орай барша қазақ елін Құрбан айт күні жүзеге асатын қайырымдылық акциясына үлес қосуға шақырамыз. Халыққа, әсіресе үлкен қалаларда тұратын жамағатқа оңтайлы болу үшін биыл да құрбан шалу офлайн және онлайн форматта жүзеге асады», делінген хабарламада.
Қызметті пайдаланғысы келетіндер сайт арқылы құрбандық малын таңдап, қажетті қаражатты Kaspi QR арқылы аудара алады. Құрбандыққа қой мен ешкіні бір кісі, ірі қара мен түйені жеті адамға дейін шалуға болады.
«Тапсырысыңыз сәтті болса, сіздің ұялы телефоныңызға Құрбандық шалғаннан кейін оның фото және бейне есебі тапсырыс беруші көрсеткен нөмірге жіберіледі», деп қосты Цифрлық даму бөлімінің басшысы Тимур Серікханұлы.
Сайттың мәліметінше, жас қозы 65-80 мың теңге, құрбандыққа шалынатын ешкі 40-50 мың, ірі қара мал 350-650 мың теңге аралығында болады.