Фото: Zakon.kz
Тұжырымдама аясында еліміздегі аурухана, емхана, университеттердің материалдық-техникалық базасы нығайтылады.
Соңғы 5 жылда 400-ден астам денсаулық сақтау объектісі салынды. 261 млрд теңгеден астам сомаға медициналық жабдық сатып алынды.
«Қазірдің өзінде «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында ауылдық елді мекендерде жаңа объектілер салу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жыл соңына дейін 556 объекті салынады. Дегенмен, әлі де көп нәрсе істелуі керек.
Ауруханалардың, емханалардың, университеттердің материалдық-техникалық базасын жақсартатын боламыз», деді Олжас Бектенов.
Бұл қадам пациенттер мен медперсонал үшін қажетті жағдай жасауға және емдеудің жаңа технологиялары мен әдістемелерін дамытуға мүмкіндік береді.