Аталған журнал Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде 2017 жылдан бері ағылшын тілінде жарық көреді. Ғылыми басылымның барлық мақаласы «Scopus» халықаралық ғылыми деректер базасына енгізілген.
Журналда ядролық физика, жоғары энергия физикасы, баламалы және сутегі энергетикасы секілді түрлі саладағы ғылыми зерттеулердің нәтижелері туралы материалдар қамтылған.
Басылымның халықаралық редакция алқасының құрамына Қазақстан, Ресей, АҚШ, Франция, Жапония, Финляндия, Швеция, Италия, Өзбекстан, Англия ғалымдары, сондай-ақ CERN және Біріккен ядролық зерттеулер институты сияқты әлемдік деңгейдегі ғылыми ұйымдар кіреді.
«Elsevier» компаниясы журналды базаға қосу және электрондық нұсқасын шығару туралы ұсыныспен шықты. «Elsevier» платформасында «Eurasian Journal of Physics and Functional Materials» журналының жариялануы басылымның ғана емес, отандық ғылымның дамуына да жаңа мүмкіндік ашады. Бұл Еуразия ұлттық университетімен бірге елімізде жүргізіліп отырған ғылыми зерттеулер сапасының халықаралық деңгейін мойындау», дейді журналдың бас редакторы, ЕҰУ «Еуразиялық физика-энергетикалық зерттеулер және жоғары технологиялар институты» ҒЗИ директоры Қайрат Күтербеков.