Қоғам • 11 Маусым, 2024

Қаламгерлерді қолдау жобасы

108 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Мәдениет және ақпарат ми­нистрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің «Мә­дениет және өнер саласының бә­секеге қабілеттілігін арттыру, мәдени мұра­ны сақтау, зерттеу және танымал ету, архив ісін жүзеге асы­­рудың тиім­ділігін арттыру» бағы­тын­дағы мемлекеттік тап­сы­рыспен стратегиялық әріп­­тес­тікті іске асыру бо­йын­­ша жа­риялаған конкурс­та «Қа­зақстан Жазушылар одағы» рес­пуб­ликалық қоғамдық бір­лес­тігі қалам­герлерге арналған үш жоба­ның жеңімпазы атанды.

Қаламгерлерді қолдау жобасы

Бірінші жоба қаламгерлер қата­рынан құралған экспедиция негізін­де аймақтардың бүгінгі жай-күйін еш бүкпесіз зерделеп, зерттеп, толық­қан­ды айқын картинаны суреттейтін шығармалар жазып, оны басып шы­ғарып, оқырмандарға ұсынатын «Жаңа Қазақстанның әдеби-танымдық панорамасы» деп аталады. Сондай-ақ атал­ған жоба аясында 20 жас ақын-жазу­шыға мемлекеттік грант тағайындау қа­растырылған. Жас қаламгерлер әр аймақ­­қа бөлініп, өңірлердің жаңа әдеби бейнесін қалыптастыратын тың туын­дылар жазады. Нәтижесінде, қазақ әде­биетіне 20 шығарма қосылатын болады (бір гранттың сомасы 4,2 млн теңге).

Екінші жоба – Жазушылар одағы­ның мәдениет саласындағы 90 жылдық тәжірибесіне сүйеніп, отандық және шетелдік мәдениеттанушылар, философтар, әлеуметтанушылар, киногерлер, театртанушылармен бірлесе отырып, жас қаламгерлер легін қалып­тастыруға, әдебиет саласында кенже­леп қалған детектив, фэнтези, комикс жанрларын дамытуға негізделген «Жазу­шылардың шеберлік мектебі».

Жоба аясында жас қаламгерлер Жазушылар одағында ше­телдік және отандық әдебиет май­талмандары өткі­зетін дәрістерге, шебер­лік сыныптарына қатысатын болады. Қаты­сушы­лар­дың жолы, тамағы және жатын орны Қазақстан Жазушылар одағы тарапынан төленеді.

Үшінші жоба – ТМД елдерінің мұра­ғаттарында Қазақстанның мәдениеті мен әдебиеті бойынша жаңа мұрағат­тық материалдарды анықтауға зерттеулер жүргізіп, «Қазақстан жазушылары зерттеу орталығының ТМД елдері мұрағаттарында жұмыс істеуі» жобасы негізінде кітаптар мен жинақтар шығару. Жоба аясында Ақтөбе қаласында халықаралық форум өтеді деп жоспарланып отыр.

Бүгінде министрлік Жазушы­лар одағымен келісімшартқа отырып, үш жобаға қатысуға өтінімдер қабылдау басталды.