Таным • 12 Маусым, 2024

Ғалам ғажаптары: Гиннестегі Шымбұлақ

477 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Шымбұлақ» тау шаңғысы курорты Гиннестің рекордтар кітабына енген. «Әлемдегі ең биік түнгі тау шаңғы трассасы» атауын алған.

Ғалам ғажаптары: Гиннестегі Шымбұлақ

Әлемдік рекорд орнату ерекшелік пен тұрақтылықты талап етеді. Ал курорттық аймаққа қойылатын талап – қиынның қиыны. Мысалы, шаңғы тебетін жол Халықаралық шаңғы федерациясының талабына сәйкес келуі керек. Бұл талап бойынша Гиннестің рекордтар кітабына ену үшін 3100 метр биіктік белгіленген. Ал «Шымбұлақ» теңіз деңгейінен 3200 метр биіктікте орналасқан.

 

95 тіл біледі

п

Қанша тіл білсең, сонша әлем аша­сың. Ерекше қабілетінің ар­қасында 95 тіл үйренген Мәскеу қала­сының тұрғыны Вилли Мель­ников әлемді таңғалдырған.

Ветеринария академиясын бітірген дарынды жігіт кезінде Ауғанстан соғысында дәрігер болған. Қызмет барысында тіл үйренуге қатты қызығыпты. Жан-жақты ізденіп, әлем халықтарының 95 тілін оқып-үйреніп алыпты. Сонымен қатар Вилли қолы қалт еткенде өлең жазып, сурет те салған.

 

QR кодтың авторы

а

Қазір QR код-сыз тірлігіміз бітпейді. Осы бір ерекше әдістің бастауы жапон азаматының шарасыздығынан пайда болған деседі.

Жапондық «Denso» машина жасау корпорациясы штрих-кодтарды сканерлеу­ге көп уақыт жұмсапты. Сонда басшылық қызметкерлерден ақпарат санын көбейтуді талап етіп, сөгіс жариялаған. Бұл мәселе инженер Масахиро Хараның шымбайы­на батқан. Әрі ойланып, бері ойланып әбігерге түседі. Кенет есіне төртбұрышты тақтада қара және ақ тастармен ойналатын «GO» ойны түседі. Осы ойынның ерекшелігі инженерді шабыттандырып, QR код ойлап тапқан.