Спорт • 12 Маусым, 2024

Қостанайда бәйгеден ел чемпионатының V іріктеу кезеңі өтті

40 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қостанай қаласының ипподромында бәйгеден Қазақстан чемпионатының жаңа кезеңі өтті. Жарысты Қостанай облыстық әкімдігінің қолдауымен Ұлттық спорт қауымдастығының құрамына кіретін бәйге федерациясы ұйымдастырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қостанайда бәйгеден ел чемпионатының V іріктеу кезеңі өтті

Фото: Республикалық бәйге федерациясы

Жарыс бәйгенің 3 түрі бойынша өтті: Құнан бәйге, Топ бәйге және Аламан бәйге. Ал жалпы жүлде қоры – 20 900 000 теңге.

«Елімізде ат спорты түрлері, оның ішінде бәйге күн санап дамып келеді. Бұған біз әрине, қуаныштымыз. Жақында Қостанай  жылқысы туралы заң қабылданғанын естіген боларсыздар. Қостанай жылқысын қазақтың асыл тұқымды жылқысы ретінде жеке бөліп қарастырып отыр», деді республикалық бәйге федерацияның президенті Қанат Көпбаев.

2

Құнан бәйгеде І орынды: Жүзген атты жылқы алды, шабандозы – Аңсар Арыстанбек. II орынды Ақжол деген тұлпар иеленді, шабандозы – Нұрхат Ерболатұлы. Жүлдегерлердің үштігін Қасқалдақ түйіндеді, шабандозы – Асланбек Әбдіқал.

Топ бәйгеде Ислам Жартыбай тізгіндеген Нарбудан тұлпар топ жарды. II орынды Ақтанау атты жылқы алды, жокейі – Айтбай Олжас. Үшінші орынды Береке деген жылқы жеңіп алды, шабандозы – Санжар Иринат.

1

Аламан бәйгеден бірінші болып Дантист атты айғыр келді. Оның шабандозы – Саян Ақылбекұлы. Ертөс Исламнұр тақымдаған Аттила атты жылқы II орынды иеленді. Үшінші орынды – Семсер деген тұлпар иеленді, шабандозы – Дилнұр Нұрмұқаш.

Көрермен үшін жалпы жүлде қоры 3 000 000 теңгені құрайтын жүлделер ұтыс ойыны өтті.

Айта кетейік, Республикалық бәйге федерациясы Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт қауымдастығының құрамына кіреді. Қауымдастық құрамында бұдан өзге көкпар, теңге ілу, аударыспақ, жамбы ату, садақ ату, құсбегілік, асық ату, «JORYQ» ат спорты және т.б. федерациялар бар. Ұлттық спорт қауымдастығын белгілі кәсіпкер, меценат, «Altyn Qyran Foundation» Қоғамдық қоры Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Исламбек Салжанов басқарады.

 

Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,

ЕҰУ студенті

Соңғы жаңалықтар

Судан да сақтану керек

Қоғам • Бүгін, 22:35

Керек дерек

Digital • Бүгін, 09:50

Отандық жаңа зауыт іске қосылды

Экономика • Бүгін, 09:50

«Мен – Отан қорғаушымын!»

Байқау • Бүгін, 09:40