Жемқорлық • 12 Маусым, 2024

Балабақшадан 12 млн теңге жымқырған есепші ұсталды

369 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Балабақша есепшісі 3 жыл бойы өзіне артық жалақы мен бонустық төлемдерді есептеп келген, деп хабарлайды Egemen.kz

Балабақшадан 12 млн теңге жымқырған есепші ұсталды

Фото: uralskweek.kz

«Катюша балабақшасы» КМҚК штаттық кесте мен банк шоттарын салыстыру арқылы балабақша есепшісінің 3 жыл бойы өзіне артық жалақы мен бонустық төлемдерді есептегені анықталды.

Ол өз есепшотына барлығы 12 миллион теңгеден астам ақшаны заңсыз аударған.

Аталған факті бойынша аудан прокуратурасы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, одан әрі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шара жүргізілді.

Тергеу барысында есепші өз кінәсін мойындап, келтірілген шығынды толығымен өтеген.

Соттың 2024 жылғы 30 сәуірдегі үкімімен кінәлі тұлға сеніп тапсырылған мүлікті аса ірі мөлшерде иемденіп жымқырғаны үшін (Қылмыстық кодекстің 189-бабының 3-бөлігі) 3, 6 жылға бас бостандығын шектеуге және өмір бойы белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан айырылу жазасын арқалады. 

Сот актісі заңды күшіне енді.