Фото: Фото: Астана қаласы әкімдігі
Бұған дейін елордада халық санының өсуі мен қала құрылысы инфрақұрылымының белсенді дамуына байланысты, әкімшілік-аумақтық басқаруды оңтайландыру мақсатында Астана қаласында Алматы ауданы екіге бөлініп, қайта құрылып, осы талап шеңберінде жаңа әкімішілік аудан құрылатыны айтылған еді.
12 маусымда қалалық мәслихат депутаттары Ономастикалық комиссиямен бірлесіп жаңа ауданға атау таңдады.
Астана қаласы Тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы Сәкен Есіркеп Сарайшық, Тұран, Сауран, Жерұйық атауларының ішінен алғашқысына тоқталғанын айтты.
Жаңа әкімшілік ауданның аумағы 6 953 га болады деп жоспарланған.