Фото:ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметі
Құжат мініс және мініс-жегін бағыттарындағы жылқылардың отандық тұқымының өсімін молайту, сондай-ақ оның қасиеттерін сақтай отырып, мал басын ұлғайтуға және осы бағытта асылдандыру жұмыстарын жүргізуге бағытталған. Заңда асыл тұқымды жылқыларды өсіруді ынталандыру мақсатында Қазақстан аумағында өсірілген мініс және мініс-жегін бағыттарындағы жылқылардың отандық тұқымдарын сақтау және өсімін молайту мақсатында жұмсалған шығындарды өтеу көзделді.
Сонымен қатар заңның бастапқы бөлігіндегі «асыл тұқымды мал» және «тұқым стандарты» ұғымдарына түзетулер енгізіледі. Осылайша, тұқым стандартына сәйкес келетін және Республикалық палатада тіркелген таза тұқымды жануарлар ғана асыл тұқымды жануарға жататын болады. Фенотиптік және өнімді көрсеткішке қойылатын минималды талаптар ғана емес, сонымен қатар басқа көрсеткіштер де қамтылатын «тұқым стандарты» ұғымдары нақтыланады.
Сенаторлардың айтуынша, заңның қабылдануы еліміздегі асыл тұқымды отандық жылқылардың сақталуына және олардың көбеюіне ықпал етеді.
Комитет мүшелері талқылау қорытындысы бойынша заңдарды Палата отырысында қарауға жіберу туралы шешім қабылдады.
Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,
ЕҰУ студенті