«Таза Қазақстан» • 13 Маусым, 2024

20 тонна қоқыс шығарылды

84 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биыл Батыс Қазақстан облысында «Таза Қазақстан» республикалық іс-шарасы ерекше ыждағатпен өтіп жатыр. «Amanat» партиясының өңірдегі мүшелері «Таза бейсенбі» эко­логиялық акциясы аясында бір кісідей жұмылып, сенбі­лік­ке шықты.

20 тонна қоқыс шығарылды

Бұл акция елді мекендер аума­ғын қоқыстан тазартуға бағыт­талған. Алдын ала өңірдегі елді мекен­дер­дің маңында ластанған аумақ­тар­дың картасы жасалған еді. Міне, осы жерлер енді партия мүшелерінің, қарапайым белсенділердің, мемлекеттік және үкіметтік емес ұйым өкілдерінің ерекше назарына алынды. Әр учас­кеге пар­тияның бастауыш партия ұйым­дары мен аудандық филиалдары бекітілді. Осылайша, қоқыс қаптаған аумақтар жүйелі түрде тазартылып, бақылауға алынатын болды. Сондай-ақ бұл жер­лерге қоқыс жәшігін орнату, аумақ­ты көгалдандыру, жол мен тротуар­ды жөндеу сияқ­ты мәселелер қолға алынды. Инфра­құрылымды абат­тандыру, аумақ­ты дамыту күн тәр­ті­біне қойы­ла­тын болды.

Қазір өңірде әр аптаның бей­сенбісі тазалық күні ретінде бекі­тілді. Бұл акция халықтың эко­логиялық мәдениетін көтеріп, жа­ңаша көзқарас қалып­тас­ты­ру­ға мүмкіндік беріп отыр.

Осындай үлгілі жұмыстың бір парасы жақында Шыңғырлау ауданында өтті. «Amanat» партиясы Шыңғырлау аудандық филиа­лының атқарушы хатшысы Азамат Тағаниязов, аудан­дық ардагерлер кеңесінің төрағасы, партия ардагері Сабыр Сәмиев, мәслихат депутаттары, зия­лы қауым өкілдері, ардагерлер кеңесінің мүшелері, партия қыз­меткерлері, аудандық «Жас­тар рухы» қозғалысының бел­сен­ділері, бастауыш партия ұйымдары мен БАҚ өкілдері қатысқан сенбілік кезінде Шың­ғыр­лау аудандық саябағы қоқыс­тан тазарып, жаңарып қалды. Акцияны ұйым­дас­ты­ру­шы­лар­дың айтуынша, сая­бақ­тан 20 тоннаға жуық қоқыс шы­ға­рылған.

 

Батыс Қазақстан облысы