Фото: freepik.com
Құзырлы орган аталған бұйрық жобасын талқылауға шығарды.
«Сұйытылған мұнай газының бір тоннасы үшін шекті көтерме баға 45 158 теңгені құрайды (бұрын – 40 320 теңге). Бұл ретте шекті бөлшек сауда бағасы өңірге байланысты литріне 5-тен 8 теңгеге дейін аздап өседі», делінген министрлік хабарламасында.
Ведомоство сұйытылған газ бағасын көтеруге түрткі болған мәселелерді атады.
Бүгінгі таңда сұйытылған мұнай газының бағасы оны өндірудің өзіндік құнынан әлдеқайда төмен. Осылайша сұйытылған мұнай газы (СМГ) өндірісінің өзіндік құны тоннасына 60 мыңнан 70 мың теңгеге дейін өзгереді. Ал өңдеуші зауыттар үшін қолданыстағы шекті көтерме баға тоннасына 40 320 теңгені құрайды. Осылайша өндірілген әрбір тонна газдан зауыттар 20-30 мың теңге көлемінде шығынға ұшырайды.