Қоғам • 13 Маусым, 2024

Жәнібекті асырап алған анадан ақша алған әйел соттала ма?

164 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Бармысың, бауырым?» хабарының редакциясы Жәнібек Жұмағұловқа қатысты іздеу жұмыстарының барысы туралы  ақпарат ұсынды, деп жазады Egemen.kz

Жәнібекті асырап алған анадан ақша алған әйел соттала ма?

Фото: aikyn.kz

Хабар барысында журналист Қымбат Досжан Жәнібекті асырап алған Бельгия азаматынан ақша алған әйелдің жеке-басы анық болғанымен, іс әлі де сотқа жетпегенін мәлімдеді.

Ал Жәнібекті асырап алған ана Арқалықтағы балалар үйінде сол әйелге 12 мың доллар бергенін ашық айтқан еді.

«Бұл туралы Жәнібекке берген сұхбатынан да көрдіңіздер. Ол сұхбаттың түпнұсқасы біздің қолымызда. Ақша алған әйелдің кім екенін, оның 2004 жылдары қайда жұмыс істегенін, қазір қайда істейтінінің бәрін біліп отырмыз. Тіпті, соңғы рет 2020 жылы Валери екеуінің хат алмасқанын да таптық. Ол хатта «Жәнібектің жағдайы қалай?» деп сұраған. Бірақ іс сотқа әлі жетпей тұр. Соңына дейін жеткізіп, шындықты ашамыз деп сенемін», деді журналист.

Бұған дейін Жәнібектің әкесі болуы мүмкін азаматтың табылғаны туралы хабарлаған едік.