Тәрбие • 14 Маусым, 2024

Балаларды салт-дәстүрге баулиды

65 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Екібастұзда қазақтың салт-дәстүрін насихаттайтын «Ша­ңы­­­рақ» этноқалашығы іске қосылды. «Қайнар» білім беру және бос уақытты қамту кешенінің аумағында оқушылар қазақ ха­л­­қ­ы­­ның бай мәдениетімен, салт-дәстүрлерімен танысады.

Балаларды салт-дәстүрге баулиды

«Шаңырақ» этноқалашығы – қаланың № 7, 16, 18, 22, 25, 33 орта мектептерінің аумағында орналасқан, алты киіз үйден тұратын кешен.

Этножоба Достық үйі, «Ата­мұра» мекемелерінің, қала­­лық өлкетану музейі, жас­тар бас­тамаларын дамыту орта­лы­ғы және «Екібастұз» ҚБҚ ұйы­мы­ның қол­дауымен іске асты.

 – Этноқалашық аясында қазақ­тың қолөнері, музыка, би және аспаздық өнері бойын­ша ше­берлік сабақтары ұйым­дас­­т­ы­рылады. Балалар интер­ак­тивті аймақ­тар, көр­ме­лер мен шеберлік сабақтар арқы­лы қазақ халқының дәстүр­лерімен, қолөнерімен таныса­ды. Балалар дәстүрлі қазақ ойын­­­дарын ойнап, сайыстарға қа­ты­­с­ады, таза ауада алтыбақан те­уіп, ұлттық тағамдардан дәм татып, уақытын тиімді өткізеді, – дей­ді Екібастұз қалалық білім бө­лі­мінің басшысы Лаура Дисюпова.

Жоба қаланың білім мекеме­ле­рінің 4-6 сынып оқушыларына арналған, жалпы саны 600 баланы қамтиды.

 

Павлодар облысы,

Екібастұз қаласы