Қоғам • 13 Маусым, 2024

Полиция кітап сыйлады

57 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті жа­қын­да Сырым аудандық кітапханасына 100 кітап сыйға тарт­ты. Бұл жө­нінде департаменттің бас­па­­­сөз қызметі хабар­лады.

Полиция кітап сыйлады

Биылғы көктемде Атырау қала­сында өткен Ұлттық құрыл­тайдың үшінші отырысында­ ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жастарды кітап оқуға ша­қы­рып, өнер-білімнің қажеттілігін ерекше атап өткен болатын.

Мемлекет басшысының бас­тамасын қол­дау мақса­тын­да Мәде­­ниет және ақпа­­рат ми­­нистр­лігі «Ауыл кітап­хана­ларына 100 кі­тап» әлеуметтік акциясын жариялады. Бас­­тама көптеген мемле­кеттік ұйымның та­ра­пынан қолдау тапты. Солардың бірі – Ба­­тыс Қазақстан облыстық полиция депар­таменті.

Жақында департамент басшысы, полиция полковнигі Арман Ора­­за­лиев жазушы Мұқадес Есла­м­ға­лиұлы атындағы Сырым аудан­­дық орталықтандырылған кітап­­хана қорына 100 кітап тарту етті. Бұ­ған дейін де 335 мың кітап қо­ры бар руханият ошағы түрлі жанр­­дағы жинақтармен байи түсті.

Бүгін біз «Ауыл кітап­ха­на­ла­рына 100 кітап» атты әлеуметтік акцияға өз үле­сімізді қосып отырмыз. «Алаш» тари­хы­мен тікелей байланысты бұл елді мекен – тарихи тұлғалар шоғыры шыққан қа­сиетті де тағылымды топырақ. Бүгін кітап­хана қорына тапсырылып отырған бұл кітап­тар өз оқырманын табатынына сенім­­діміз. Жастар арасында кітап оқу мәдениетін насихаттау жолындағы жұмыстарыңыз же­місті болсын», деді Арман Молдиярұлы.

Кітапханада өткен кездесуге арна­йы кел­ген Сырым ауданының әкімі Жұма­­гелді Ба­тыр­ниязов та аудан тұр­ғын­дары атынан департамент бас­ты­ғына риза­шы­лы­ғын біл­­­­діріп, Алғысхат тарту етті. Іс-шара­ға қа­­тысқандар сая­си қуғын-сүргін құр­­бан­­да­рының ескерт­кі­шіне гүл шоғын қойды. Жа­­қында жаңа ғимаратта жа­ңа­рып ашыл­ған аудандық мұражай жә­дігерлерімен танысты.

 

Батыс Қазақстан облысы