Фото: astana-akshamy.kz
Ведомствоның мәліметінше, түнгі рейстер саны бүгіннен бастап көбейеді.
«Әуе тасымалдаушыларының сұранысы негізінде әуежайды басқарушы компанияның техникалық мамандарының жобалық тобы аэродромдағы жөндеу процесін оңтайландырды. Жазда әуе тасымалына маусымдық сұраныстың жоғары болуына байланысты жолаушыларға ыңғайлы болу үшін әуежайдың жұмыс тәртібі 14 маусымнан бастап күнделікті технологиялық үзіліспен (23:00-ден 00:30-ға дейін) ұзартылды», делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.
Жұмыстарды жүргізу кезінде әуежай ұшу-қону жолағының жұмысқа қабілеттілігін қамтамасыз етеді. Бұдан соң аэродром жабынының басқа учаскелерінде жөндеу жұмыстары жалғасады. Ішкі рейстер кестесі тез арада қайта қаралып, танымал бағыттарға қосымша рейстер қамтамасыз етіледі.