Заң • 14 Маусым, 2024

Сот төрелігі академиясының түлектері судья қызметін атқаруға міндеттеледі

103 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін, 14 маусымда өткен Парламент палаталарының бірлескен отырысында Жоғарғы Сот Кеңесінің төрағасы Денис Шипп республикалық бюджет есебінен сот төрелігі академиясында оқығандарды судья ретінде жұмыс істеуге міндеттеу жоспарланып отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сот төрелігі академиясының түлектері судья қызметін атқаруға міндеттеледі

Фото: sozmedia.kz

Заң жобасын талқылау барысында депутат Абзал Құспан Жоғарғы Сот Кеңесі қолданыстағы заңнама бойынша барлық соттардың судьяларының бос лауазымдарына кандидаттарды іріктеуді конкурстық негізде жүзеге асыратынын айтты.

Жоғарғы Сот Кеңесінің төрағасы Денис Шипп іс жүзінде судьялық лауазымға конкурсқа Сот төрелігі академиясының барлық түлектері қатыса бермейтінін айтты. Сондай-ақ академия құрылғалы бері 284 түлектің 214-і судья болып тағайындалды, бұл 75 пайызды құрайтынын айта кету керек.

Депутаттар Парламент палаталарының бірлескен отырысында сот төрелігін жүзеге асыру сапасын және Қазақстандағы судьялардың кәсібилігін арттыруға бағытталған заңды бірінші оқылымда қарады.

 

Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,

ЕҰУ студенті