Медицина • 16 Маусым, 2024

Үздік отбасылық дәрігер

504 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Медицина саласында халыққа қалтқысыз қызмет етіп, тұр­ғын­дар алғысына бөле­ніп жүрген дәрігер көп.

Үздік отбасылық дәрігер

Соның бірі – Гүлбахар Мәмбеткәрімова. Шын­­­дығын айт­қан­да,­ оның кіндік қаны Атырауда емес, Бесқалада тамған. Ал мұ­­найлы шаһарға 2014 жылы кө­шіп келген. Содан бері №7 қа­ла­­лық емханада жұмыс істей­­­ді.

«Ата-енем атажұртына оралуды ойластырып, жаңа қоныс ретінде Атырауды таң­дады. Біз де бірге көшіп келдік. Өзім 2002 жылы Ташкент педиатрия институтының Нөкістегі филиалын бітірген едім. Бұл шаһарға келген соң жұмыс іздеп, осы емхана басшысына жолықтым. Сол кездегі директор Ғазиз Есқали ағамыз бастаған ұжым туысқанын­дай бауырға тартты», дейді Г.Мәмбеткәрімова.

Ол бала күнінен дәрігер болуды мақсат етіпті. Өйт­кені оның әке-шешесі де, аға-әпкелері, жеңгесі мен жездесі де осы саланы таңдаған. Олар­дың жолын балалары жал­ғас­тырып келеді. Осындай үлкен әулеттің өкілдері бас қосқанда, әңгіме тиегі медицинаға, адамның денсаулығы, диагностика мен емдеу тәсілдеріне ойысады. Бір сөзбен айтқанда, отбасылық шағын конференция деуге болады.

«Болашақта медицина сала­сын таңдайтын бол­ған­­дық­тан, мектепте биоло­гия, химия пәндеріне көңіл ­аудардым. Дәрі­гер бол­ғаныма өкінбеймін. Өйт­­кені бала кезден әке-ше­ше­міз­дің тұр­ғындардың ден­саулығы үшін аянбай еңбек еткенін көріп өстім. Дәрі­герлік біздің отбасылық кәсібімізге айналды», дейді Г.Мәмбеткәрімова.

Емханадан Гүлбахар Әбді­­кә­рімқызына бір емес, екі учаске бөлінген. Оның бірі мекенжай бойынша аумақ­тық болса, екіншісі қосым­ша­ ретінде берілген. Оған С.Өте­баев атындағы Атырау мұнай және газ уни­вер­ситеті студенттерінің ден­сау­лығын тексеру де жүк­тел­­ген. Бірақ жұмыстың көп­­ті­­гінен бас тартқан емес. Өйт­кені өзімен бірге жұмыс істей­тін медбикелер Гүлнұр Ғалы­мова, Әсия Қабдолова және Сәлима Нығметпен бір­ге бәріне үлгереді. Бәрі де бір-бірін жақсы түсі­неді. Тұр­­ғындардың телефон қо­ңы­­­рауына кезекпен жауап береді. Ақ желеңділердің қыз­­­метіне тұрғындар ұдайы риза­­­шылығын білдіріп отырады.

«Мен Атырау қаласының «Ақдепо» деп аталатын бө­лі­гін­де тұрамын. Жас ұлғайған соң дәрігерге жиі қаралуға тура келеді. Дәрігер мен мед­би­келердің кеңесін ұдайы аламын. Олар бізді жылышыраймен қабылдайды. Сыпайы сөйлеседі. Дауыс көтеріп, қабақ шытқанын көрмедік. Диагнозды дәл қойып, тез емдеуге тырасады. Үш жыл бұрын коронави­рус инфекциясымен ауырдым. Ауруханаларда орын бол­ма­ғандықтан, үйде ем­дел­дім. Сол кезде Гүлбахар Мәм­­беткәрімова күн сайын келіп, аурудың динамикасын бақылап отырды. Оның ем­-шарасынан кейін сырқатымнан тез айық­тым. Қазір отбасымызбен осы дәрігерге қараламыз», дей­ді 65 жастағы Жұлдыз апай.

Жақында Гүлбахар Мәм­бет­­кәрімова жалпы тәжі­ри­бе­лік дәрігерлер арасында өткен рес­­публикалық байқауға қа­тыс­ты. Оның осы сала­дағы өзін­дік тә­жі­рибесі, ем­деу тәсілі зер­де­ле­ніп, «Үз­дік­ отбасылық дәрі­гер» ата­нды.

«Менің мақсатым – сыр­қа­тына шипа іздеп келген па­циенттерге тиімді емдеу тәсі­лін ұсыну. Бұл барша дәрі­­герлердің темірқазықтай бұл­­жымас қағидасына айналуы керек. Ал жетістікке же­туіме қолдау көрсеткен емхана мен сала басшыларына, бар­ша әріптесіме, өзімнің сенім­­ді серігіме айналған мед­би­келердің жұмысына риза­шы­­лығым шексіз», дейді Г.Мәмбеткәрімова.

 

Атырау облысы