Таным • 15 Маусым, 2024

Ғалам ғажаптары: Сөйлейтін қолғап

108 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Негізі өнертабыстар адам өмірін жеңілдету үшін жасалуы керек. Әлбетте, барлығы ниетке байланысты. Ал «сөйлейтін қолғап» жасап шығарған мына балалардың көңілі аппақ екен.

Ғалам ғажаптары: Сөйлейтін қолғап

Фам Тхиен мен Хоанг Минг сөйлей алмайтын адамдарға арнап қолғап жасады. Қолғап саусақ қимылдарын сөзге айналдырады әрі дыбыстайды. Тіпті ағылшын тіліне аударып та береді. Кәдімгі қолғаптан аумайтын құрылғы ерекше жандардың бір-бірімен еркін қарым-қатынас жасауына көмектеседі.

 

Гиннеске енген мұғалім

пр

Шәкірттері математикадан халықаралық олимпиадада 2413 медаль алған отандасымыз бар. Ол – Муаммер Гүл.

Ерекше мұғалімнің сабақ беріп жүргеніне биыл – 30 жыл. Ақтөбеде 14 жыл қызмет етіп, кейін Астанаға ауысқан. Оның шəкірттері математикадан 824 алтын, 390 күміс, 1199 қола жүлде алған. «Біз олимпиадада ең жақсы нəтижені 2001 жылы көрсеттік. Сол жылы Америкадағы IMO-ға Ақтөбеден үш оқушымыз қатысып, үшеуі де алтын алды. Негізінде одан алтын алу қиын. Əлемде біздің балалар көрсеткен нəтижеге осы уақытқа дейін ешкім жете қоймады. Бұл жетістігіміз Гиннестің рекордтар кітабына тіркелді», дейді ол.

 

Ең кішкентай қала

ан

Хум – 25 тұрғыны ғана бар ерекше қала. Хорватиядағы Истрия түбегі төбелерінің бірінде ор­на­ласқан. Баяғыда бекініс болған деседі.

Хум орналасқан төбенің ең биік нүктесі – теңіз деңгейінен 350 метр биіктікте. Бір қызығы, Хум қала мәртебесін орта ғасырларда алған. ХХ ғасырда шамамен 450 адам өмір сүрген, ал қазір жергілікті тұрғындар саны 25-тен аспайды. Қалада аптасына екі рет жұмыс істейтін дүкен, екі шіркеу, күніне үш рет қатынайтын авто­бус, екі көше, кішігірім мейрамхана, 16 көше жарығы, 13 үй бар.