Аймақтар • 17 Маусым, 2024

Су тасқынынан кейін Сарайшықта археологиялық жұмыстар қайта жанданды

110 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау облысындағы су тасқыны кезінде Сарайшық ауылында 13,6 шақырым бөгет соғылды.  Осы істің нәтижесінде археологиялық қазба орындары су шаюдан аман қалды, деп жазады Egemen.kz.

Су тасқынынан кейін Сарайшықта археологиялық жұмыстар қайта жанданды

Фото: Жедел штаб/Атырау

Төтенше жағдайдан кейін археологтар Сарайшық тарихи мекенінде қазба жұмыстарын жүргізуді қайта бастады. 

«Жайық жағасында қазба жұмыстары жүріп жатыр. Археологиялық жұмыстарға Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінен 18 студент, Батыс Қазақстан облысы университетінен 22 студент, Сарайшық музейінен 3 археолог қатысуда. Қазба жұмыстары шілде айына дейін жалғасады», деді Сарайшық ауылдық округінің әкімі Жанат Кенжеғалиева.

Соңғы жаңалықтар

Ұлт болмысының тұғыры

Қоғам • Бүгін, 11:15

Жылынудың жануарларға әсері

Жануарлар • Бүгін, 11:05

Тылсымға толы Шал тауы

Талбесік • Бүгін, 11:00

Қоныстой – көптің қуанышы

Аймақтар • Бүгін, 10:45