Қоғам • 17 Маусым, 2024

Орта білім: Аттестаттарды цифрландыру қашан аяқталатыны айтылды

183 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Орта білім туралы аттестаттарды цифрландыру 2027 жылға дейін аяқталады. Білім беру саласын цифрландыру жұмысы белсенді түрде жалғасып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Орта білім: Аттестаттарды цифрландыру қашан аяқталатыны айтылды

Фото: Oqu-agartu ministrligi

Биыл алғаш рет негізгі орта және жалпы орта білім туралы аттестаттар eGovMobile мобильді қосымшасы арқылы цифрлық форматта қолжетімді болды. 

2027 жылға дейін кезең-кезеңмен жүргізіледі:

  • 2024 жылы – осы жылдың түлектерінің аттестаттары;
  • 2025 жылы – 2010-2023 жылдардағы түлектердің аттестаттары;
  • 2026 жылы – 1991-2009 жылдардағы түлектердің аттестаттары;

Сонымен қатар техникалық және кәсіптік білім беру дипломдарын цифрландыру жалғастырылып жатыр: 

  • 2024 жылы – 2004-2023 жылдары берілген дипломдар;
  • 2025-2026 жылдары – 2004 жылға дейін берілген дипломдар цифрландырылады.

Бұл түлектер мен олардың отбасыларына қолайлы жағдай жасау және білім беру құжаттарына қолжетімділікті оңайлатуға бағытталған қадам.