Бокс • 18 Маусым, 2024

Жеңіліп көрмеген қазақ боксшысы чемпиондық белбеу үшін жұдырықтасады

207 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кәсіпқой боксшы, бұған дейін жеңіліп көрмеген Сұлтан Зәуірбек (17-0-0, 12 КО) чемпиондық белбеуді иелену жолында кезекті жекпе-жегін өткізеді, деп жазады Egemen.kz Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Жеңіліп көрмеген қазақ боксшысы чемпиондық белбеу үшін жұдырықтасады

Фото: prosports.kz

Оның қарсыласы аргентиналық Роман Рубен Рейносо (22-4-2.10 КО). Қос боксшы WBA International тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағын сарапқа салады. 

Жеңіл салмақтағы жекпе-жек 21 маусым күні Американың Болтон қаласында өтеді. Кездесу 10 раундқа жоспарланған. Қазақстандық қарсылас рингте көбірек жекпе-жек өткізгенімен, әлемдік рейтингте Зәуірбектен төмен.

Аргентиналық былғары қолғап шебері 2011 жылдан бері шаршы алаңға көбірек шыққанмен, рейтингтік есепте Сұлтан Зәуірбектің ұпайы басым. 

BoxRec сайтындағы екінші жеңіл салмақ тізімінде Рейносо 285-ші орында, ал Зәуірбек 28-ші орынға тұрақтаған.

Жекпе-жекті Qazsport арнасы тікелей эфирде көрсетеді.