Фото: primeminister.kz
Ақпараттық жүйеге төрт модуль кіреді: деректерді жинау, талдау, болжау және модельдеу. Ол «Қазақстан Ғарыш Сапары», «Қазгидромет», «Ұлттық геодезия және кеңістіктік ақпарат орталығының» жедел және көпжылдық деректерін пайдаланады.
Сондай-ақ жүйе су тасқыны, сел, көшкін қаупі бар учаскелер мен гидротехникалық құрылыстар бойынша ТЖМ деректер базасымен біріктіріледі.
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі еуропалық Жерді қашықтан зондтау бағдарламасын қолдануды ұсынды. Сонымен қатар вице-премьер отандық цифрлық шешімдерді қарастыруды тапсырды.
Бұған қоса, ауқымды деректер көзін қалыптастыру үшін вице-премьер гидро және метеопостардың санын көбейтуді, су айдындары мен өзендердің батиметриясын жүргізуді, сондай-ақ су тасқыны құбылыстары жиі болатыны елді мекендердің «цифрлық рельефін» құруды тапсырды.