Сенат • 18 Маусым, 2024

Халықаралық жүк тасымалы туралы заң қаралады

120 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Сенат спикері Мәулен Әшімбаев Палата бюросын өткізіп, жиында 20 маусым күнгі отырыстың күн тәртібі бекітілді.

Халықаралық жүк тасымалы туралы заң қаралады

Соған сәйкес алдағы бей­сен­біде Палата депутаттары «Түркі мемлекеттері ұйымына мүше мемлекеттердің үкіметтері арасындағы халықаралық құрам­дастырылған жүк тасымалдары туралы келісімді ратификация­лау туралы» және «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы халықаралық автомобиль тасымалдары туралы келісімді ратификациялау туралы» заңдарды қарайды. Бұл заңдар көліктің әртүрлі түрлерін пайдалана отырып, халықара­лық жүк тасымалдау рәсімдерін жеңілдетуді және мемлекеттер арасындағы сауда-экономикалық қатынастарды дамытуды көздейді.

Сонымен қатар сенаторлар «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Респуб­ликасының Үкіметі арасындағы Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту жөніндегі келісімді ратификациялау тура­лы» және «Қазақстан Республи­касының Үкіметі мен Қытай Халық Рес­пуб­ликасының Үкіметі арасын­дағы Транскаспий халықаралық көлік бағытын, оның ішінде Қытай – Еуропа қатынасындағы контейнерлік пойыздар үшін дамыту жөніндегі келісімді ратификациялау туралы» заңдарды қарайды. Аталған құжаттардың нормалары Қазақстан Республи­касы мен Қытай Халық Республи­касы арасындағы транзиттік-көліктік әлеуетті және сауда-экономикалық қатынастарды одан әрі нығайтуға, сондай-ақ, Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша мультимодальды тасымалдарды дамыту үшін автомобиль, теңіз және теміржол көлігі түрлерінің артықшылықтарын тиімді пайдалану үшін қолайлы жағдай жасауға арналған.

Бұдан бөлек, Палата отырысында «Қазақстан Республика­сының Үкіметі мен Қытай Халық Респуб­ликасының Үкіметі арасындағы мәдени орталықтарды өзара құру туралы келісімді ратификациялау туралы» заң қаралады. Заң екі мемлекет арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайтуды көздейді.

Сондай-ақ «Мемлекеттiк сатып алу туралы» заң мен оған ілеспе «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сатып алу және артық заңнама­лық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толық­тырулар енгізу туралы» және «Қазақстан Республи­касы­ның Әкімшілік құқық бұзу­шылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңдар да Сенат отырысының күн тәртібіне шығарылды.

Бейсенбідегі отырыста «Ғылым және технологиялық саясат туралы», «ҚР кейбір заң­намалық актілеріне ғылым және технологиялық саясат, платфор­малық жұмыспен қамту және мем­лекеттік бақылау мәселелері бо­йынша өзгерістер мен толық­тырулар енгізу туралы» және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодекске (Салық кодексі) және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодекске (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңдар екінші оқылымда қаралады.

Сонымен бірге депутаттар Қазақстан Республикасының орнықты даму саласындағы ұлттық мақсаттары мен міндеттерінің іске асырылуына мониторинг жүргізу жөніндегі Парламенттік комиссияның құрамына сенаторларды сайлау туралы мәселені қарайды. Бюро отырысында Мәжілістен келіп түскен заңдар жұмыс үшін тұрақты комитеттерге бөлініп берілді.