Білім • 19 Маусым, 2024

Ең жоғары нәтиже

79 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Түркістан облысы Кентау қаласының оқу­шысы Айдос Қожанов Ұлттық бірыңғай тес­тілеуден 138 балл жинады. Бұл көрсеткіш әзір­ге, өңір бойынша ең жоғары нәтиже. Ұстаз­дары болашақта мате­м­атика пәнінің мұға­­лім болғысы келетін Айдос­тың жыл бойы бай­қау сынақтарында бірінші орынды бермей келгенін айтады.

Ең жоғары нәтиже

Айдос сынды үздіктердің қатары алдағы сынақ­тардан кейін қалыңдай түсерінен үміт мол. Олай дей­тініміз өңірде 1704 түлек «Алтын белгі» иесі атанды, сондай-ақ 2400 оқушы «Үздік ат­тестат» ал­ды. Үздіктері көп мек­теп те баршылық. Мысалы, Жеті­­сай ауданы Б.Момышұлы атын­да­ғы №6 мектеп-гимназиясын ­биыл бітірген 88 оқушының 27-іне – «Алтын белгі», 14 түлекке – «Үздік аттестат» тапсы­рылды. Жалпы, облыста биыл Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға 27 340 оқушы өтінім білдірген.

Түлектердің мамандық таң­дауда қателеспей, қалаған оқу орнында білім алуы да ма­ңызды. Бұл орайда жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадр­ларды даярлау сапасын кө­теру, еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, жұмыс берушілердің талабы­на жауап бере алатын, заманауи құрал-жабдықтар­ды меңгерген мамандар даярлауға ерекше назар ауда­рылып отыр. Облыста медицина мамандарына 250-ге жуық кадр тапшылығы бар. Мамандардың жетіспеушілігін шешу мақсатында қаражат бө­лін­ген. Қажетті кадр­ларды даяр­лауға арналған мем­лекет­тік білім беру тапсырысын қалыптас­ты­ру және бөлу жөніндегі комиссия отырысы­ның шешімімен бака­лавриатқа – ­50 орын белгіле­ніп отыр. Оның 15-і «Денсаулық сақтау» ма­ман­ды­ғы болса, 35-і «Ақ­параттық-коммуникациялық тех­нологиялар» мамандығы бо­йынша. Ал «Денсаулық сақтау» ма­мандығында резидентурада даярлауға 139 орын бөлініп отыр. Сондай-ақ жаңа оқу жылына 15500 орынға мемлекеттік тапсырыс берілді. Оның басым бөлігі техникалық, құры­лыс және ауылшаруашылық, ақпа­раттық-коммуникациялық техно­логиялар, білім салаларына бағытталған.

 

Түркістан облысы