Қылмыс • 19 Маусым, 2024

«Қиын аудандағы» кісі өлімі

81 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Керекуде жантүршігерлік кісі өлімі болды. Екі ер адам тұрғын үй ауласында жанжалдасып, бірі екіншісін пышақтап өлтірген. Оқиға күндізгі уақытта, аулада тұратын тұрғындардың көзінше өрбіген.

«Қиын аудандағы» кісі өлімі

Фото: adyrna.kz

Павлодар қаласындағы ­Мүт­­­­ке­нов көшесі, №53 мекен­жа­­йын­да орналасқан көп­қа­бат­­­ты тұр­ғын үйдің аумағы, по­ли­цей­лердің тілімен айтқан­да, «қиын аудан». Ішімдікке салын­ғандар, түрмеде жазасын өтеп келгендердің дені осы маңайды жағалайды. Әсіресе үй алдын­да бала-шағаның ойнап жүргені­­не қарамай, жиналып, алко­голь­ді ішімдік ішіп отыратын­дар баршылық. Бір қарағанда, сонау 90-жылдардың ортасында­ғы көрініске ұқсайтыны да рас.

Осыдан екі жыл бұрын дәл осы жерде кісі өлімі болды. Әлгі үйде тұратын ер адамның бірі арақ ішіп отырып абайсызда көршісін итеріп жіберіп, өлтіріп алды. Қылмыс жасаған дәл сол азамат арада екі жыл өткенде өзге көршісінің қолынан қаза табатынын кім білген. Осыдан екі жыл бұрынғы кісі өлімі 16 маусым күні болған екен. Араға екі жыл салып, зұлмат дәл сол күні қылмыскердің өз басына оралып отыр. Көршілері мұны кек алу, алдын ала ойластырылған қыл­мыс деп есептейді.

Өңірлік полиция депар­та­ментінен хабарлағандай, 16 маусым күні аталған үйдің ­ауласында ер адам өз көрші­сін пышақпен бірнеше жері­нен жаралап, өлтірген. Оқиға куә­герлердің көзінше өрбіп, көр­шілері бірден жедел жәр­демге хабарласқан. Алайда ке­ліп жет­кен медициналық брига­да арыстай азаматтың сол жер­де жантәсілім еткенін анықтады.

«Қазіргі уақытта күдікті ұста­лып, Павлодар қаласы полиция басқармасы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Кісі өл­тіру фактісі бойынша тергеу жүр­гізіліп жатыр. Қылмыстың мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталады», деп хабарлады Солтүстік полиция бөлімі басшысының орынбасары Жарас Ибраев.

Көршілерінің сөзінше, қай­тыс болған адам осыдан екі жыл бұрынғы қылмысы үшін түрмеде бір жарым жыл отырып келген. Жақында босап шыққан оны өзге бір көршісі кек алу мақсатында өлтіргенге ұқсайды. Себебі ол қылмыстық әрекетін жүзеге асырып болған соң, ешқайда қашпаған. Пыша­ғын ұстаған күйінде кіреберіс алдына отырып, асықпай поли­цей­лердің келуін күткен.

 

ПАВЛОДАР