Фото: Максат Шагырбаев/ Kazinform
Бөгенбай батыр және Сарыарқа даңғылдары қиылысында жол төсеміне орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Осыған байланысты, осы айдың 19-21 күндері аталған қиылыс ішінара жабылады. Қозғалыс бір жағымен қамтамасыз етіледі.
Хабарламада: «Тұрғындар мен қонақтардан кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз», делінген.