Аймақтар • 19 Маусым, 2024

Қызылордалық шаруаларға 1,25 млрд текше метр су жіберілді

44 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

21 сәуірден бері Қызылорда облысының «Қазсушар» филиалы өңір диқандарына 1,25 млрд текше метр суармалы су жіберді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қызылордалық шаруаларға 1,25 млрд текше метр су жіберілді

Фото: ortcom.kz

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында мәлімдеген филиал директоры Роллан Ахметовтің айтуынша, филиал өңірдің 866 шаруасымен 123,7 мың га егіс алқабын суару үшін 2,86 млрд текше метр су беру жөнінде келісімшартқа отырды.

Сондай-ақ аймақта жалпы ұзындығы 73,4 шақырым болатын 22 арна механикалық әдіспен тазаланып, 19 гидротехникалық құрылыс пен 15 гидробекетке жөндеу-реконструкциялау жұмыстары жүргізілді.

«Бүгінде күріш алқабының 97%-ы сумен қамтамасыз етілді. Сырдария өзенінің төменгі ағысына Шардара су қоймасынан келетін су көлемінің ұлғаюы нәтижесінде Қызылорда облысында суару кезеңі жоспарға сәйкес өтіп жатыр», деді Р. Ахметов.