Тағайындау • 19 Маусым, 2024

Ұлттық экономика вице-министрі тағайындалды

118 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Арман Бақытжанұлы Қасенов ұлттық экономика вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп жазады Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұлттық экономика вице-министрі тағайындалды

Фото: primeminister.kz

Арман Қасенов 1981 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. 

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Халықаралық экономикалық қатынастар» мамандығы бойынша бітірген. Лондон бизнес мектебінде (Ұлыбритания) «қаржы» мамандығы бойынша магистратураны тәмамдаған.

Кэмбридж университетінің Eurasia Business Executive & Leadership Programme Judge Business School басшыларға арналған бағдарламасын аяқтады.

Еңбек жолын 2002 жылы қаржы секторында бастаған. 

Қаржы, инвестициялық жобалар және бизнес саласында басшылық лауазымдарда 20 жылдық тәжірибесі бар.

2009 жылдан бастап Қазақстанның ірі жекеменшік және мемлекеттік қаржы институттарында директорлар кеңесінің мүшесі және басқарма мүшесі лауазымдарын атқарды.

2023 жылдан қазірге дейін – «Qazaqstan Investment Corporation» АҚ басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарды.