Дерек көзіне сүйенсек, облыста дамуында белгілі бір ақауы бар 5169 он сегіз жасқа дейінгі бала бар екен, соның 2536-сы мүгедек. Шыны керек, қазіргі уақытта мұндай даму мүмкіндігі шектеулі балалар мемлекеттің қамқорлығын бұрынғыдан гөрі көбірек сезіне бастады. Соның бір дәлеліндей, жақында Ақтөбе қаласындағы №4 орта мектеп жанынан психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті ашылды.
Осы кабинеттің салтанатты ашылу рәсімінде сөз алған облыс әкімі Архимед Мұхамбетов облыс көлемінде денсаулығында кінәраты бар жас ұрпақтың жан-жақты жетілуі, денсаулығын түзеуі бағытында біраз шаруалар атқарылып жатқанын жеткізді. Өңір басшысының айтуынша, қазір Ырғыздан басқа аудандардың барлығында психологиялық-педагогикалық орталықтар жұмыс істеуде екен. Сонымен бірге, облыс әкімдігінің «Дара» жеке қорымен бірлесіп, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-тың қаржылай қолдауымен осы орталықты пайдалануға беруін бұл бағытта жасалып жатқан игілікті істердің нақты көрінісі деп бағалады.
«Дара» жеке қорының құрылтайшысы Гүлнәр Досаева бұл орталықта жыл бойына 100-ден астам даму мүмкіндігі шектеулі балаға педагог-психолог, мұғалім-дефектолог, тифлопедагог, сурдопедагог, емдік денешынықтыру нұсқаушысы, басқа да мамандар тарапынан кәсіби, кешенді көмектер тегін көрсетілетінін айтты. Кабинетте жұмыс істейтін маман-педагогтар Ресейде, өзімізде қайта даярлаудан өткен. Оларға еліміздің және шетелдердің білікті ғалымдары мен педагогтары дәріс оқыған, тәжірибелерін үйреткен. Осы мақсатта сегіз рет семинар өткізілген.
Бұл аумақта кедергісіз орта қалыптастырылған. Яғни пандус, кіреберістері кең есіктер, басқа да жағдайлар жасалған. Кабинеттер заманауи құрал-жабдықтармен, қондырғылармен жарақтандырылған. Соның бәріне «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қоры» АҚ-тан 30 миллион теңге бөлінген. Мұнда балалары осында түзеу шараларынан өтетін ата-аналар үшін психологиялық қолдау клубын ұйымдастыру көзделуде. Жаңа бөлімшеде өткен ғасырда өмір сүрген италиялық дәрігер, ғалым-философ Мария Монтессоридің жүйесі де пайдаланылмақшы.
– Бізде, ең алдымен, педагог-мамандар мен ата-аналардың бір мүдде аясынан табылуы қайтарымды болмақ, бөлімшенің материалдық жабдықталуы, мамандармен қамтылуы ойымыздан шығады, енді жоспарға сәйкес жұмыс істейміз, – дейді кабинет меңгерушісі Япурай Төленова.
Облыстық білім басқармасы бөлім басшысы Алтынгүл Әуесқан психологиялық-педагогикалық кабинетінің жалпы білім беретін мектеп базасында орналасуы мүмкіндігі шектеулі балалардың өздерін қатарларымен тең сезінуіне, өмірге деген құлшынысын оятады дейді. Өңір басшысы жаңа түзеу орталығының байғазысына 5 миллион теңге ұсынды. «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қоры» АҚ қашықта тұратын мүмкіндігі шектеулі бүлдіршіндерді тасымалдау үшін жеңіл инватаксиді сыйға тартты.
Сатыбалды СӘУІРБАЙ,
«Егемен Қазақстан».
Ақтөбе облысы.

Ұлытау облысында жаңа цифрлық «Smart Point» ХҚКО ашылды
Аймақтар • Бүгін, 13:42
NVIDIA мен LG адам тәрізді роботтар жасайды
Технология • Бүгін, 13:35
Жапонияда цунами қаупіне байланысты 181 мыңнан астам адам эвакуацияланды
Әлем • Бүгін, 13:18
Алматыны шулатқан шетелдік жасөспірімдер Астанада жүр ме? Полиция жауап берді
Қоғам • Бүгін, 13:06
Арыста мас жүргізуші жүкті әйел мен екі баланы қағып өлтірді
Қоғам • Бүгін, 12:51
Әл-Фараби даңғылындағы апат: жәбірленуші тарап кінәліге кешірім берді
Оқиға • Бүгін, 12:44
Оралда әкесінің көлігін айдап кеткен жасөспірім жол апатына ұшырады
Қоғам • Бүгін, 12:27
Қызылорда облысында жоғалып кеткен 6 жасар қыздың мәйіті табылды
Оқиға • Бүгін, 12:20
Түркістан облысының прокуроры тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 12:12
Германияда канцлерді әлеуметтік желіде қорлағандарға айыппұл салынды
Әлем • Бүгін, 12:02
Жоқ тауарды сатқан: Елімізде тағы бір қаржы пирамидасының қызметі тоқтады
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 11:55
Астанада көпшілік серуендейтін орынға көлікпен кіріп кеткен жүргізуші жазаланды
Елорда • Бүгін, 11:41
Қарағандыда қайта қылмыс жасаған әйелге рақымшылық жасалмады
Заң • Бүгін, 11:25
Ұландықтар LRT станцияларында қоғамдық тәртіпті күзетуге кірісті
Қоғам • Бүгін, 11:18
Футболшы Илья Буртовой жол апатынан қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 11:05