Фото: dauletten.kz
Ұландық сарбаздар азаматшадан қысқаша мәлімет алып, әскери жасақ кезекшісіне баяндап, дереу іздеуге кіріскен. Шұғыл іздестіру іс-шараларының нәтижесінде әскери жасақ кезекшісі капитан Дайыр Әбукенов, әскери жасақ бастығы қатардағы Әсет Жаңабай және патрульдеуші сақшылар Рамазан Серікбай мен Әлихан Аманжол жоғалған баланы жарты сағат ішінде тапқан.
«Анасынан жоғалған балақай туралы белгілерді сұрап алғаннан кейін бірден іздеуге кірістік. Кешкі уақыт болғандықтан көшеде адам көп болды. Жан-жақты барлау кезінде сырт келбеті жоғалған баланың киімі, бойы, жасына сәйкес келетін баланы байқап қалдық. Нақтыланған соң, көмек сұраған азаматшаға хабарласып, баласын табыстадық», дейді капитан Д.Әбукенов.
Баласымен қауышқан ана сарбаздарға алғыс білдіріп, 5514 әскери бөлім командирінің атына хат жолдады.