18 Маусым, 2010

ҚҰБЫРЛАР ӨЗІМІЗДЕ ЖАСАЛАДЫ

977 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Қазір өндірісті өңірде күн сайын  шағын бір зауыт, кәсіпорын ашылса да жаңалық емес сияқты. Оған мысалы, маусым айында бір күнде іске қосылған екі серіктестіктің жұмысын айтуға болады. Оның бірі – Ақсу қаласындағы полиэтилен құбырлар шығаратын шағын зауыт болса, екіншісі – облыс орталығындағы құбырларды алдын-ала изоляциялау өндірісі. Ақсудағы полиэтилен құ­бырлар шығаратын “ДАНиЕР” өндірістік сауда-құ­рылыс фирмасының цех­тары жаңа техно­логиялармен жабдықталыпты. Бұл құ­бырлар күнделікті өзіміз тұтынатын ауыз суды жеткізіп беріп отыратын қалаішілік инженерлік желілерге ар­налған. Диаметрі 20-дан 500 миллиметрге дейін. Зауыт енді жылына 300 миллион текше метр құбыр жасап шығарады. Серіктестік дирек­торы  Нұр­лан Нұрмаған­бетовтің ай­туынша, құбырлар жасауға қажетті шикізат сонау Корея елінен жеткі­зі­леді екен. Осы жобаны іске асыру үшін 100 миллион теңге жұмсалыпты. Елбасы би­ылғы Жолдауында кәсіп­кер­ліктің жаңа эконо­микалық дамуымыздың қозғаушы күші екенін, соның арқасында шағын және орта кәсіп­керліктің жаңа тобын көбейту  керектігін айтқан еді. Сол жаңа топтардың қатары қазір біртіндеп кө­бейіп келеді. Жаңа кәсіп­орында 62 жұмыс орны ашылды. Сонымен қатар, “Arіnvest” серіктестігі де жаңа жобаны жүзеге асырды. Екі кәсіпорын да жауап беретін жаңа технологиялармен жасалын­ған су құбырларын өмірге әкелді.  Серік Сұрағанов басқаратын бұл өндіріс орны жер асты желі жолдарына төселетін құбырларды арнайы изоляциялап барып дайын күйінде қолданысқа жібере алады. Яғни, ыстық су мен суық суды немесе жылуды тасымалдау кезінде бұрын­ғыдай сыртын орап-қымтап, тастармен бастырудың қажеті жоқ, керісінше, болат құбырдың сыртына полиэ­ти­лен құбыр кигізіледі, құбырды сақтау жүйелері де өндіріс­шілердің қолында. Олардың айтуынша мұндай дайын құбырларды қазылған шұң-қырларға апарып орнатып, бірден пайдалана беруге  болады екен. Бұл құбырлар да ұзақ жылдарға шыдай алады әрі судың беталды ысырап болмауына көп пайдасы да бар. Қоршаған ортаға тигізер зияны да аз. Болат құбырлар шіруге төзімді. Тағы бір басты ерекшелігі – болат құбыр­лардың өзара жалғасқан тұстары мыс сымдармен байланысқан, олар зауыттың операторлық компьютерлік орталық жүйелеріне жал­ған­ған, ал, апат бола қалған кезде олар белгі беріп отырады. Сондықтан, күнделікті іш­іп, жуынып отырған суы­ңыз­дың тазалығын, эколо­гиялық қауіпсіздігін сақтайтын  бұл жаңа құбырлардың бағасы да қым­бат. Сатып алушылар әри­не, бұл құбырлардың тиім­ді­лі­гіне, монтаждау-жөн­деу жұ­мыстарының ың­ғай­лы­лы­ғына қарап барып қызығып сатып алары сөзсіз. Облыс ор­та­­лығында және Ақсу қа­ла­сында ашылған зауыт­тардың өз­дері шағын болса да, өңір үшін ашқан жаңалықтары өте зор. Фарида БЫҚАЙ. ПАВЛОДАР.