20 Қаңтар, 2015

Бетон химиялық реагенттерден зардап шекпейді

327 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Өткен жылы Орал әуежайы­ның ұшу-қону жолағына күрделі жөндеу жүргізілді. Екі кезеңнен тұратын бұл іс биыл одан әрі жал­ғаспақ. Алайда, көп уақыт өт­пей-ақ біткен іске сыншы көп дегендей, атқарылған жұмыс­тың сапасына кінә артушылар да табылды. Атап айтқанда, олар жаңадан төселген ұшу-қону жолағының бетоннан құ­йыл­ғанын, бұл тәсіл күзгі-қы­с­қы кезеңдерде әуе көлік­тері­нің қозғалыс қауіпсіз­дігіне нұқсан келтіретінін тілге тиек етті. Сонымен бірге, осы пікір­ді алға тартушылардың тұжырым­дауынша, бетонға оны қар мен мұздан тазартуға септігін тигі­зетін химиялық реагенттер себілген жағдайда бұл фактор аталған материалдың істен тез шығуына әсер етпек. Расында да солай ма? Мұн­дай әртүрлі алыпқашпа пікір­лер­дің анық-қанығына жету мақ­сатын­да өткен аптада рес­пуб­ли­ка­дағы Азаматтық авиация ко­ми­тетінің сарапшы маман­дары Орал әуежайындағы ұшу-қону жо­лағына жүргізілген жұ­мыс­тардың сапа­сын қарады. Оның нәтижесіне қатысты Инвес­тиция­лар және даму министрлігі Аза­мат­тық авиа­ция комитеті төр­аға­сы­ның орынбасары Серік Мық­тыбаев БАҚ өкілдеріне былай деді. – Ұшу-қону жолағын бетонмен бекемдеу әлемдік тәжірибеде кеңінен қолданылады. Өйткені, бұл өндіріс өнімі ауа райының кез келген құбылысына төзімді келеді. Әрі ұзақ уақытқа дейін бұзылмайды. Соның ішінде мұндағы жолақтың пайдалану мерзімі 15-20 жылдан кем түспейді. Ал бетонның химиялық реагенттерге қатысты реакцияға түсу тәртібіне келсек – бұл бұдан мүлдем зардап шекпейді. Тек бір қосарымыз мұның өзіндік қолданылу технологиясы мен тізбесі бар. Осы тәртіп толықтай орындалған жағдайда жылдың төрт мезгілінде ұшу-қону жола­ғын алаңсыз пайдалана беруге болады. Бүгінгі күні аталған химиялық реагенттердің тізбесі біздің тарапымыздан әуежай иелеріне жеткізілді. Бұдан әрі ол Орал әуежайында өткен жылы төселген ұшу-қону жолағы бүгінгі авиациялық қауіп­сіздік талаптарына толық сәйкес келеді деген түйін жасады. Темір ҚҰСАЙЫН, «Егемен Қазақстан». ОРАЛ.