Қазақстан басшысының «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» Жолдауы – нақты істерге негізделген тарихи құжат. Оны оқи отырып, Қазақстанның болашаққа деген батыл ұмтылысын анық аңғардым. Шын мәнінде, Қазақстан Президентінің Жолдауынан сырт қалған мәселе жоқ. Онда әлеуметтік-тұрмыстық түйткілдердің барлығы атап көрсетіліп, одан шығудың жолдары айқындалған. Қазақстанның барлық аймағын сапалы жолдармен байланыстыру, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, индустриялық инфрақұрылымдарды қалыптастыру, әлеуметтік саладағы: білім беру, денсаулық сақтау, жастарға қолдау көрсету мәселелеріне айрықша мән беру, халықты тұрғын үймен қамту, әр отбасының әлеуметтік тұрмысын жақсарту Жолдаудың басым бағыттары болып отыр.
Мен Түркия мемлекетінің азаматы болсам да, өмірімнің ең маңызды кезеңдері Қазақстанмен байланысты өтіп келеді. Осы елде білім алдым, алғашқы еңбек жолымды бастадым, перзенттерімді де қазақ топырағында өсіріп жатырмын. Мен де Қазақ елінің дамуына үлес қосушы азамат ретінде Мемлекет басшысының Жолдауындағы «Қазақстанның шыққан шыңы мен бағындырған биіктерінің ең басты себебі – бірлік, берекесі», – деген терең мағыналы тұжырымды қуаттаймын. Президент үнемі еліміздегі ішкі бірлікті нығайтуға, ұлттар татулығына селкеу түсірмеуге, ұлт пен ұлыстардың татулығы мен бірлігі мемлекет тұрақтылығының кілті екендігін әрдайым есте сақтауға шақырып келеді. Осы Жолдауда да ел бірлігіне айырықша назар аударылған.
Жалпы, Нұрсұлтан Назарбаевтың мән-маңызы жоғары Жолдауы Қазақстанның өркендеуіне серпіліс беретініне, елді жарқын болашаққа бастайтынына сенімім зор. Бұл құжатта қамтылған мәселелерді барша қазақстандық терең ұғына білсе, елдің өрісі кеңейіп, өркені өсе түсері сөзсіз.
Орхан ОЗТОМСУК,
«Нұр Орда» қазақ-түрік лицей кешенінің директоры.
АСТАНА.

Арыста мас жүргізуші жүкті әйел мен екі баланы қағып өлтірді
Қоғам • Бүгін, 12:51
Әл-Фараби даңғылындағы апат: жәбірленуші тарап кінәліге кешірім берді
Оқиға • Бүгін, 12:44
Оралда әкесінің көлігін айдап кеткен жасөспірім жол апатына ұшырады
Қоғам • Бүгін, 12:27
Қызылорда облысында жоғалып кеткен 6 жасар қыздың мәйіті табылды
Оқиға • Бүгін, 12:20
Түркістан облысының прокуроры тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 12:12
Германияда канцлерді әлеуметтік желіде қорлағандарға айыппұл салынды
Әлем • Бүгін, 12:02
Жоқ тауарды сатқан: Елімізде тағы бір қаржы пирамидасының қызметі тоқтады
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 11:55
Астанада көпшілік серуендейтін орынға көлікпен кіріп кеткен жүргізуші жазаланды
Елорда • Бүгін, 11:41
Қарағандыда қайта қылмыс жасаған әйелге рақымшылық жасалмады
Заң • Бүгін, 11:25
Ұландықтар LRT станцияларында қоғамдық тәртіпті күзетуге кірісті
Қоғам • Бүгін, 11:18
Футболшы Илья Буртовой жол апатынан қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 11:05
Таиландта бір айға жуық жансақтау бөлімінде жатқан Алексей Вивтоненко қайтыс болды
Қоғам • Бүгін, 10:48
Президент Никол Пашинянды сайлаудағы жеңісімен құттықтады
Президент • Бүгін, 10:10
Филиппинде жойқын жер сілкінісі болды
Әлем • Бүгін, 10:05