Үкімет • 22 Маусым, 2024

«Нархозға» Тұрар Рысқұловтың есімі қайтарылады

193 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл жаңалық Премьер-министр Олжас Бектеновтың депутаттарға берген жауабында жазылған, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Нархозға» Тұрар Рысқұловтың есімі қайтарылады

– «Нархоз» университеті жекеменшік жоғары оқу орны екенін ескере отырып, Т. Рысқұловтың есімін университетке қайта беру мүмкіндігін қарастыру мәселесін Ғылым және жоғарғы білім министрлігі пысықтауда. Өз кезегінде, бұл істің қорытындысын министрлік депутаттық корпусқа қосымша хабарлайтын болады, - делінген жауапта.

2000 жылы Үкіметтің қаулысымен Нархоз университеті Тұрар Рысқұловтың есімімен аталған.

Көп ұзамай оқу ғимараты алдынан қайраткердің ескерткіші бой көтерді.

2016 жылы Рысқұловтың аты алынып тасталған.