Қоғам • 24 Маусым, 2024

Италиядағы тарихи ғимаратқа атын жазған Қазақстан азаматы шығынды өтейді

135 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Италияда вандализм жасап ұсталған ел азаматына қатысты түсініктеме берді, деп жазады Egemen.kz.

Италиядағы тарихи ғимаратқа атын жазған Қазақстан азаматы шығынды өтейді

Фото: pompeiisites.org

Италияның Помпей археологиялық саябағындағы Цеев үйінің қабырғасына «ALI» деп есімін жазған туристі Италияның құқық қорғау органдары ұстаған еді. СІМ Италия заңнамасы аясында қажетті рәсімдер жасалған соң, оның босатылғанын хабарлады. 

Алайда ел тұрғыны көне ғимаратқа келтірілген шығынды толық өтейді. 

Әрі қарайғы іс әкімшілік тәртіппен жүргізіледі.