20 Қаңтар, 2015

Семинарға қатысты

339 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
НАТО-ның Брюссельдегі штаб-пәтері жанындағы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери өкілдігінде 13-17 қаңтар аралығында «VERITY» бағдарламасы бойынша семинар болып өтті. «VERITY» бағдарламасы Еуропадағы қалыпты қарулы күштер туралы шартқа қатысушы мемлекеттер арасында қарулы күштер туралы ақпарат алмасуға арналған. Ал семинардың мақсаты жыл сайын өндіретін «VERITY» бағдарламасының мәліметтер базасын жаңарту болып табылады. Семинардың жұмысына Шарттың ережелерін іске асырумен, ақпарат алмасуды даярлаумен, ескертпе хаттарды жөнелтумен және қабылдаумен, сондай-ақ, оларды талдаумен айналысатын Еуропадағы қалыпты қарулы күштер туралы шартқа қатысушы мемлекеттер Верификациялық орта­­лықтарының офицерлері тұрақты түрде қатысады. Қазақстан бұл Шартқа 1992 жылы қосылған. «Егемен-ақпарат».