Қазақстан • 25 Маусым, 2024

Халықаралық жарыстар: Өткен оқу жылында оқушылар 603 медаль алды

101 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өткен оқу жылы қорытындысы бойынша Қазақстан оқушылары 12 халықаралық олимпиада мен ғылыми жарыстарға қатысып, әр екінші қатысушы жүлдеге ие болған, деп хабарлайды Egemen.kz Оқу-ағарту министрлігінің мәліметіне сілтеме жасап.

Халықаралық жарыстар: Өткен оқу жылында оқушылар 603 медаль алды

Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Қазақстан оқушылары халықаралық жарыстардан 118 алтын, 201 күміс, 284 қола, барлығы 603 медаль алған.

«12 ірі халықаралық жарыстарға қатысқан Қазақстанның 1218 оқушысының 603-і медаль иегері атанды. Оның ішінде ең беделді әлемдік олимпиадаларда 243 медаль жеңіп алды», деді министрліктің Орта білім комитетінің төрағасы К.Жұмашев.

Өткен оқу жылының ерекше жетістігі Қазақстан оқушыларының FIRST CHAMPIONSHIP роботтехника бойынша халықаралық чемпионаттарда жеткен жетістіктері болды. Ұлттық құрамалар Сингапур, АҚШ, Кипр, Қытай елдерінде жоғары марапаттарға ие болды. АҚШ-та өткен Regeneron ISEF-2024 байқауының қорытындысы бойынша еліміздің оқушылары 100% нәтиже көрсетті.

Соңғы жаңалықтар

Астанада Мәуліт кеші өтті

Дін • 27 Қыркүйек, 2024

Қостанайда жылу тарифі қымбаттайды

Аймақтар • 27 Қыркүйек, 2024

TikTok-қа тоқтам керек

Пікір • 27 Қыркүйек, 2024