Аймақтар • 25 Маусым, 2024

Астанадан еліміздің оңтүстігіне қосымша пойыздар жүреді

104 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жаз маусымында елдің оңтүстігіне баратын жолаушылар саны едәуір көбейеді. Осыған байланысты Көлік министрлігі екі бағатта қатынайтын қосымша пойыздар қосылғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Астанадан еліміздің оңтүстігіне қосымша пойыздар жүреді

Фото: ult.kz

Поездар жаздың соңына дейін күн сайын №204/203 Астана — Шымкент және №202/201 Астана — Алматы бағыттары бойынша жүреді.

Көлік саласына жауапты министрлік жол сапарларын алдын ала жоспарлауға және билеттерді алдын ала сатып алуға шақырады. Жол жүру билеттері болмаған жағдайда жолаушылар «Жолаушылар тасымалы» АҚ сайтындағы немесе билет кассаларында «Күту парағы» тегін қызметін пайдалану мүмкіндігі қарастырылған.

Айта кетейік, жолаушылар осы мазмұндағы мәліметтерді 433 тегін нөмірі бойынша, сондай-ақ @jolaushylar_tasymaly Instagram-аккаунты арқылы біле алады.

Соңғы жаңалықтар

Астанада Мәуліт кеші өтті

Дін • 27 Қыркүйек, 2024

Қостанайда жылу тарифі қымбаттайды

Аймақтар • 27 Қыркүйек, 2024

TikTok-қа тоқтам керек

Пікір • 27 Қыркүйек, 2024