Есірткі • 26 Маусым, 2024

ҰҚК құны 17 млрд теңге болатын есірткі заттарын тәркіледі

103 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жыл басынан бері Ұлттық қауіпсіздік комитеті есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес бойынша 96 операция жүргізді, оның ішінде 23-і шет мемлекеттердің құзырлы органдарымен жүргізілді, деп хабарлайды Egemen.kz

ҰҚК құны 17 млрд теңге болатын есірткі заттарын тәркіледі

Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

Комитеттің баспасөз қызметі хабарлағандай, 24 халықаралық және 17 аймақтық есірткі жеткізу арнасы, сондай-ақ 16 жасырын есірткі зертханасының қызметі тоқтатылды.

«Заңсыз айналымнан 1,3 тоннадан астам есірткі құралдары мен психотроптық заттар, 4,6 тонна көкнәр сабанының шикізаты және синтетикалық есірткі жасау үшін пайдаланылатын 13,6 тонна химиялық реагенттер алынды. «Қара нарықта» алынған есірткінің құны шамамен 17 млрд теңгеге бағаланады, ал айналымға жіберілген көлем шамамен 5 млн бір реттік дозаны құрайды», делінген хабарламада.

ҰҚК деректері бойынша Қазақстанның 54 азаматы мен шетелдіктерге қатысты сотқа дейінгі тергеулер жүргізіліп жатыр.

Сонымен қатар ҰҚК Шекара қызметі халықаралық қатынас жолдарында есірткі құралдарын тасымалдаудың 200-ден астам әрекетінің жолын кесті. Заңсыз айналымнан 790 кг-нан астам есірткі және психотроптық заттар алынды.