Аймақтар • 27 Маусым, 2024

Тараздағы балабақша басшысы бюджеттен 12 млн теңге жымқырған

134 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тараздағы балабақша басшысы бюджеттен негізсіз ақша алған, деп жазады Egemen.kz.

Тараздағы балабақша басшысы бюджеттен 12 млн теңге жымқырған

Фото: gov.kz

Қаладағы «РозАль» орталығы» жеке балабақшасы басшылығы мектепке дейінгі ұйымдарды жан басына шаққандағы қаржыландыру аясында бөлінген 12 млн теңгеге жуық бюджет қаражатын жымқырған.

Басшы балабақшада іс жүзінде тәрбиеленбеген балалар үшін бюджеттен қаражат алған.

Қала прокуратурасы алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық істі тіркеді, оны Жамбыл облысының Экономикалық тергеп-тексеру департаменті зерттеп жатыр.

«Тараз қаласының №2 сотының 14.06.2024 жылғы үкімімен балабақша басшысы 4 жылға сотталды. Оған қоса тәрбие/оқыту қызметін көрсететін кез келген меншік нысанындағы ұйымдар мен мекемелерде қаржымен байланысты материалдық жауапты лауазымдарды атқару құқығынан 3 жылға айырылды», делінген прокуратура хабарламасында.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.