Балалар • 27 Маусым, 2024

Биыл балалар саудасының алты фактісі анықталды - ІІМ

133 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ішкі істер министрлігінде Қазақстандағы балалар саудасының фактілері туралы айтылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Биыл балалар саудасының алты фактісі анықталды - ІІМ

Фото: Future Publishing/Getty Images

Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаевтың айтуынша, 2023 жылы мұндай 19 жағдай тіркелген. Оның айтуынша, олар негізінен балаларды ел ішінде сатуға тырысады.

«Биыл балаларды сатуға әрекеттенудің алты фактісі анықталды. Денсаулығына байланысты бала көтере алмайтындар бар. Яғни, олардың сұранысы бар, оны қанағаттандыратын азаматтар бар», деді М.Қожаев.

Ол жиі бала сатумен перинаталдық орталықтарда, балалар үйінде жұмыс істейтін адамдар мен өз балаларын қаламайтын жүкті әйелдердің айналысатынын атап өтті.

М.Қожаев мұндай қылмыстарға қатысты қылмыстық баптар бойынша жаза өте ауыр, яғни, 18 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын еске салды.