Қазақстан • 28 Маусым, 2024

Депутаттар демалысқа кетті

201 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәжіліс және Сенат депутаттары демалысқа кетті. Бүгін Парламентте осы саяси маусымдағы қос палатаның соңғы бірлескен отырысы өтті, деп жазады Egemen.kz.

Депутаттар демалысқа кетті

Фото:Informburo.kz

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов осы жылғы жұмысты қорытындылады. Депутаттар бұл кезеңде 179 заң жобасын қарап, 102-сі қабылданды. 

«Қазіргі кезде Парламент қоржынында 71 заң жобасы бар. Депутаттық корпус енді Бюджет, Салық, Құрылыс, Су кодекстері бойынша жұмыс істейтін болады. Сонымен қатар біз мүлде жаңа Цифрлық кодексті күтіп отырмыз. Алдымызда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет, есірткімен күрес, дін, сот жүйесіндегі реформалар және басқа да мәселелерге қатысты заң жобалары бойынша ауқымды жұмыс күтіп тұр. Парламент, Үкімет және сарапшылар қоғамдастығы үйлесімді әрі жан-жақты жұмыс істеуі қажет», деді Ерлан Қошанов. 

Депутаттар жұмыс орнына күзде оралады.