Оқиға • 28 Маусым, 2024

Қостанай облысында жоғалып кеткен қыздың мәйіті табылды

145 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанай облысы Әулиекөл ауылында жоғалып кеткен 16 жастағы Дарья Тиронина деген қыздың мәйіті табылды, деп хабарлайды Egemen.kz Alau.kz сайтына сілтеме жасап.

Қостанай облысында жоғалып кеткен қыздың мәйіті табылды

Фото: Stock

Жергілікті басылымның хабарлауынша, Дарьяның мәйіті табылғанын «Дос» іздестіру-құтқару жасағының еріктілері хабарлады.

Оқиғаның егжей-тегжейі әлі айтылмады.

«Қостанай облысының полициясы осы факті бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта тергеу органдары қыздың өлімінің мән-жайын анықтау үшін барлық қажетті шараларды қабылдап жатыр. Құқық қорғау органдарының ресми өкілдері бұл ақпаратты растады, бірақ мәселенің мән-жайы тергеу аяқталғанша жарияланбайды», деп жазды дереккөз 28 маусымда.