Бокс • 28 Маусым, 2024

Париж-2024: Бокс сайысының бастапқы жеребесі тартылды

192 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

27 маусымда Париж-2024 ойындарындағы бокстан бастапқы жеребе тарту өткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстан бокс федерациясына сілтеме жасап.

Париж-2024: Бокс сайысының бастапқы жеребесі тартылды

Фото: boxingkazakhstan

Негізгі жеребе 25 шілде North Paris Arena-да өтеді. Ал аталған шараның мақсаты – әр салмақтағы топ 8 боксшының позициясын анықтау. Ұйымдастырушының ақпаратына сәйкес аталған жеребеде тек құрлықтық сайыстарда лицензия алған боксшылар қатыстырылған. Өйткені құрлықтық сайыстар – әр елге жолдама иеленуге берілген ең алғашқы мүмкіндік.

Қазақстан бокс федерациясы мәлімдемесінде: «Аталған жеребеден Карина Ибрагимова мен Қамшыбек Қоңқабаевты ғана көре алдық. Себебі дәл осы боксшылар Азия ойындарында Олимпиада жолдамасын иеленген еді. Каринаға (57 келі) да, Қамшыбекке (+92 келі) де өз салмақтарында жетінші нөмір түскен», делінген.

Бокс федерациясы

 

Бокс федерациясы