Министрлік мұндай хабарламалар алаяқтардың ісі деп отыр.
- Аида Балаева мен Мәдениет және ақпарат министрлігі мұндай хабарламаларды электрондық пошта, әлеуметтік желілер, мессенджерлер және басқа да байланыс арналары арқылы жібермейді. Сіздерден абай болуды және хатқа жауап бермеуді сұраймыз, - делінген министрлік мәліметінде.
Ведомство мұндай хабарламалар алған жағдайда төмендегідей әрекет етуді ұсынады:
1. Келген хатты елемеу, хатқа жауап бермеу.
2. Алаяқтық фактісі туралы құқық қорғау органдарына хабарлау.