Аймақтар • 30 Маусым, 2024

Қызылордада орталық емханадан өрт шықты

185 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда қаласында орталық емханадан өрт шықты. Бұл туралы Egemen.kz ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қызылордада орталық емханадан өрт шықты

Төтенше жағдайлар қызметіне 30 маусымда 2.20-да З.Шүкіров көшесі бойында орналасқан қалалық орталық емхананың 2-қабатынан өрт шығуда деген шақырту түсті.

«Өртке қарсы қызметінен оны сөндіруге 26 қызметкер жұмылдырылды. Барлау жұмысы нәтижесінде орталық емхананың 2-ші қабатындағы бөлме ашық жалынмен жанып жатқаны анықталды. Өрт 2.43-те толық сөндірілді. Өрттен зардап шеккендер жоқ», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаментінен.